16:00, 29 октября 2023 г.
Атырауда «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты студенттер арасында спартакиада өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі
«Жастар нашақорлыққа қарсы» атты жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің арасында ұйымдастырылған спартакиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шара қалалық Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Жастар арасында нашақорлық, темекі шегу, алкоголь, таксикоманияның зиянын түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар» жобасы аясында өткізіліп отыр.
Жоба шеңберінде өткен спартакиада 17 қыркүйектен басталып, онда қала бойынша 11 жоғары және арнаулы орта оқу орнынан 300-ден астам студент қатысты. Олар футбол, волейбол, стритбол, шахмат, теннис сынды спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Қалалық Ішкі саясат бөлімінің Ақпараттық және жастар саясаты жөніндегі сектор меңгерушісі Сандуғаш Төлеген қатысушыларға алғыс білдіре отырып, бұл іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отырғанын айтып өтті.
- Студенттер арасындағы спартакиада биыл алғаш рет өткізілді. Аталған іс-шара жастар арасында зиянды әрекеттердің азайып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Осы сайысты алдағы уақытта біз жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Спартакиадаға қатысып, белсенділік танытқан барлық ұстаздар мен студенттерге алғысымды білдіремін,- деді С.Төлеген.
Спартакиаданы қорытындылай келе, жүлделі І орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті иеленді. Сондай-ақ Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі ІІ орынмен және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі ІІІ орынмен марапатталды.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар және арнайы кубоктар мен медальдар табысталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
15:32, 8 ноября
11:22, Вчера
12:33, 10 ноября
live comments feed...