• Главная
  • Республика бойынша үздік атағы үшін атыраулық тауар өндірушілер жарысады
12:00, 29 октября 2023 г.

Республика бойынша үздік атағы үшін атыраулық тауар өндірушілер жарысады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Астанада Атырау облысынан 6 тауар өндіруші қатысатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елордалық жұртшылықтың назарына «JM KZ» ЖШС, «BorkitSafety LLP» ЖШС, «GlobalTextileManufacturing» ЖШС, «Абылай хан» ЖШС, «Аймурзаева Г.П.» ЖК және «Найзабеков» ЖК тауарлары ұсынылады. Аталған өнімдер осы жылдың 10-маусымында Атырауда өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары болған.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына 60-қа жуық тауар өндіруші қатысқан болатын. Жыл сайынғы конкурсты облыстық әкімдіктің қолдауымен Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Қатысушылар арасында айтарлықтай тәжірибесі бар тауар өндірушілер, сондай-ақ жақында өз бизнесін ашқандар болды. Бірақ олардың өнімдері халық тарапынан сұранысқа ие болуы шарт еді. Кәсіпкерлер конкурс-көрмеге шығарылатын өнімнің бай ассортиментін ұсынды. Бұл құрылыс материалдары, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және т.б.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың айтуынша, жергілікті тауар өндірушілер арасында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға қызығушылық жыл сайын артып келеді.

- Биыл облыстық кезеңде бізде көптеген қатысушылар болды. Қазылар алқасы олардың ішінен үздіктерді таңдау оңай болған жоқ. Биылғы байқаудың ерекшелігі «Қазақстанның үздік тауары»  аясында «бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі өтті. Бүгін «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының өңірлік турының жеңімпаздары қатарынан 6 Атырау тауар өндірушісі және «бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша облыстық кезеңнің 2 жеңімпазы - Зинаида Орынбасарова мен Гүлзира Керімбаева республикалық іс-шараға қатысуда. Елордалық көрмеде ұсынылған барлық тауарлар біздің өңірде үлкен сұранысқа ие. Сондықтан қатысушыларымызға республикалық деңгейде жеңіс тілеймін, - деді Н.Сүйінбаев.

«Абылай хан» ЖШС өнімі елордалық көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.  Кәсіпорын 1999 жылдан бері жұмыс істейді және балық аулау мен өңдеумен айналысады. Серіктестіктің өнімі жоғары сапалы.

- Көрмеге біз өзіміз аулап, қайта өңдейтін балық өнімдерін әкелдік. Бұл тұқы, қарақұйрық, вобла, көксерке, көкбауыр және басқалар. Іс-шара ашылғаннан бері біздің өнімдерімізге қызығушылық танытқан көптеген адамдар келді. Көрмені ұйымдастырушыларға өз тауарларымызды көпшілікке көрсетуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз, - деп атап өтті «Абылай хан» ЖШС өкілі Гаухар Қошалиева.     

Айта кетейік, бүгінде республикалық көрмеге 180-ге жуық отандық тауар өндірушілер қатысуда. «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының қорытындысы бойынша үш номинацияда 27 финалист анықталады. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халық үшін үздік тауарлар». 

Осыдан кейін онлайн-дауыс беру өтеді, ал соңғы нәтижені арнайы комиссия шығарады, ол елдің үздік тоғыз тауар өндірушісін анықтайды. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының қорытындысы желтоқсан айында жарияланады деп күтілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #тауар өндірушілер
Объявления
live comments feed...