16:00, 28 октября 2023 г.
Келер жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Биыл Атырау облысында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында жоспарланған 12 мектептің ішінде 9 жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Аталған 12 мектеп Атырау қаласы бойынша сегіз, Құрманғазы ауданы бойынша екеу, Жылыой және Қызылқоға аудандарында бір-бірден. Келер жылы қалған үш мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде қаладағы үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін 2 Бином мектебі пайдалануға берілді. Биыл білім беру саласы бойынша 5 мектептің құрылысы аяқталып, 2 мектеп жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ Н.Құсайынов қазіргі таңда 9 жайлы мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтып өтті.
- Биыл 9 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсам, Атырау қаласы Сарыөзек ауылында 300 орындық орта мектеп, Құрманғазы ауданының Ақкөл және Құрманғазы ауылдарындағы 600 орындық орта мектеп. Сонымен қатар Атырау қаласы Жұлдыз-2 және Жұлдыз-3 ықшам аудандары мен Ақсай-2 ауылында 900 орындық орта мектеп. Оған қоса Водников, Береке ауылдары және Құлсары қаласында орналасқан Атырау шағын ауданындағы 1200 орындық орта мектеп, - деді ол.
Сондай-ақ алдыңғы жылы қараша айында Исатай ауданы Аққыстау селосындағы 250 орындық өнер мектебінің құрылысы басталып, қазір де құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүріп жатырғанын жеткізді. Нысан келер жылы маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
-Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш мектептің құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Нақтырақ айтсам, ол Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 600 орындық орта мектеп, сонымен қатар Атырау қаласы Зарослый және Самал шағын ауданында 2000 орындық орта мектептер,- деді басқарма басшысы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
53
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
live comments feed...