• Главная
  • Биыл өңірде мемлекеттік экологиялық бақылау саласы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 39 бұзушылық фактісі анықталды
16:00, 27 октября 2023 г.

Биыл өңірде мемлекеттік экологиялық бақылау саласы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 39 бұзушылық фактісі анықталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау облысы бойынша Экология департаментімен бірге Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларын сақтау бойынша 27 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде заң талаптарының 39 бұзушылығы анықталып, оларға қатысты 96 әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған тексеріс нәтижесіне байланысты жалпы құны 11 млрд 48 млн теңге болатын айыппұл салынды. Осы жылы департаментпен жүргізілген  тексеру жұмыстары «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не  және «Теңізшевройл» ЖШС-гі мен «ЖылыойСу» МКК-на жүргізілді.

Сондай-ақ Ә.Бекмұхаметов «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Әкімшілік кодексінің 328-бабының 3-бөлігіне сәйкес қоршаған ортаға бекітілген нормативтерін бір жыл ішінде жүйелі түрде екі реттен көп асырып отырғандығы туралы айтып өтті.

- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты технологиялық режимнің бұзылғаны үшін 4 рет, электр көзінің өшуі бойынша 1 рет жоспардан тыс тексеріс жүргізілген болатын. Тексерулер кезінде алау қондырғысында газдарды жағу кезінде нормадан артық эмиссиялар жүзеге асырылғаны анықталды. Сонымен қатар өнеркәсіптік эмиссиялардың сынамаларын алуға арнайы орындардың болмауы, эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесі енгізілмегені және қалдықтарды басқару талаптарының бұзылғаны анықталды, - деді Ә.Бекмұхаметов.

Сондай-ақ «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не  қатысты 4 жоспардан тыс тексерістер жүргізілген. 

- Тексерулер кезінде қондырғыға парникті газдарға алынған квота нормасын асыру байқалды. Сонымен қатар экологиялық рұқсатсыз жер релефіне сарқынды суларды төгу, жерді бүлдіру және берілген нұсқаманы орындамау түріндегі бұзушылықтар анықталды. Сәйкесінше анықталған бұзушылықтарға 7 млрд 238 млн теңге айыппұл салынды,- деді департамент басшысы.

Сонымен қатар аталған екі мекемеден бөлек «Теңізшевройл» ЖШС мен «ЖылыойСу» МКК-дан да бұзушылықтар анықталып, соған сәйкес айыппұлдар салынған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #тексеру #экологиялық бақылау
Объявления
live comments feed...