10:15, 27 октября 2023 г.
Атырауда «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бүгін облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Іс-шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жас ұрпақты патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы мерекемен құттықтай отырып, шара мақсатына тоқталып өтті.
-Бұл көрме Республика күні мерекесіне орай, жастарымызға музей қоры туындыларын көрсетіп, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өскелең ұрпақ ретінде ата-бабаларымыз ерен еңбегімен алған егемендігін қастерлеу, қадірлеу біздің парызымыз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Бүгінгі Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! - деді Т.Орынбасарұлы.
Көрмеге Ж.Аралбаевтың «Гүлденген өлке», И.Арыстановтың «Астана», Н.Қалиевтың «Бәйтерек», Т.Оразғалидың «Экспо-2017», М.Давлетьяровтың «Азияға апарар жол», С.Кәрібайдың «Атырау көрінісі», Ә.Жантасовтың «Махамбет-Исатай алаңы», Қ.Оразғалиевтың «Саябақ» сынды көркем туындылар қойылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
live comments feed...