12:00, 24 октября 2023 г.
Атырау облысы жолдарынан 179 ақау анықталды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Жыл басынан бері Атырау облысы аумағындағы республикалық және жергілікті маңыздағы жолдардан 179 ақау анықталған, деп хабарлайды Өңірлік комуникациялар қызметі.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Жантуриннің айтуынша, орталық инженерлері бір айда республикалық 89 нысанға 363 рет тексеріске шыққан. Ал жергілікті 66 нысанға 204 рет тексеріске шыққан инженерлер 91 ақау анықтады. Оның 39-ы өрескел болса, 33 ақау әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Жол құрылысына қажетті материалдардан 1023 сынама алынды. Оның 364-і талапқа сай емес.
-Сондай-ақ, республикалық жолдарға пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарынан 531 сынама алынып, зертханада тексерілді. Нәтижесінде 128 сынаманың ҚР Стандарттарына сай еместігі анықталды.
Сапасыз деп танылған 7378 шаршы метр асфальтбетон жабындысы, 5 текше метр темір бетон конструкциясы ауыстырылды. Бүгінгі күнге дейін 120 500 шаршы метр жолға қара қиыршықтас қайта төселді,- деді Н.Жантурин.
Жалпы жыл басынан бері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы анықтаған ақаулар мен кемшіліктер бойынша 418 млн теңгеден астам қаржының жұмысы мердігерлер есебінен қайта жасалған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
15
live comments feed...