17:00, 23 октября 2023 г.
Ақжайық ауылына жаңа балабақша салу мәселесі қаралды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барды. Мұнда Ақжайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды
Алдымен аймақ басшысы Ақжайық ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Қазіргі уақытта бұл ауылда жаңа балабақша салу мәселесі өзекті.
- Тұрғындармен кездесуге келмес бұрын алдымен осы ауылдағы балабақшаға барып, жұмысымен таныстым. Расымен де ғимарат өте ескі. Оған тиісті мамандар зерттеу жүргізеді. Егер жөндеуге келмесе, округтің бас жоспарында белгіленген жерге жаңа балабақша салынады. Ақжайық ауылына инфрақұрылым толық жүргізілген, жері де жинақы орналасқан. Оған қоса үлкен жылыжай кешені, өзге де шаруашылықтар бар. Сондықтан Ақжайық ауылы облыстың басқа ауылдарына үлгі болуы керек. Ал бұл жұмыстар тек әкімнің қолындағы шаруа емес, үш жақты жүргізілу керек. Яғни, ауыл халқы, жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдік арасында. Сонда ғана ауылды көркейтіп, нәтижеге жете аламыз. Неге ауыл болып жұмылып абаттандырмасқа? Әркім өзіне міндеттеме алсын. Әкімдік әлеуметтік нысандар салса, тұрғындар ауласын, көшесін таза ұстасын. Ал бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, жобаларды жүзеге асырсын. Бірақ істелген істердің қадірі болмаса, жұмыстың құны бес тиын. Нысандарды күтіп ұстап, ауылды дамытуға атсалыссақ, өзге облыстарға мақтанардай ауыл бізде болады. Ауыл тұрғындары мен жастарына осындай ұсынысымды айтқым келеді,-деді С.Шәпкенов.
Жиында тұрғындар көше жарығын жүргізу, тұрғын үймен, жұмыспен қамту, спорт кешенін салу сынды өзге де мәселелерді көтерілді.
Серік Шәпкенов тұрғындармен өткен мұндай ашық кездесулердің нәтижесі елді мекенді дамытуға, инфрақұрылым мәселесін шешуге оң әсерін тигізетінін айтты. Сонымен қатар округте жүріп жатқан құрылыстарға қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Ал кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер Заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтты.
Жиыннан соң аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге келген тұрғындардың сауалын сала мамандарымен бірге қарады.
Облыс әкімінің Ақжайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі Махамбет ауданы әкімдігінің Facebook және Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Анықтама үшін: Ақжайық ауылдық округінде 1 192 адам тұрады. Мұнда мектеп, дәрігерлік амбулатория, полиция учаскесі және басқа да әлеуметтік нысандар бар.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
11:02, 16 декабря
12
live comments feed...