• Главная
  • Биыл қыркүйек айынан бастап «Ұлттық волонтерлік желі» Заңды тұлғалар бірлестігі еліміздің 20 өңіріне жұмыс сапарын бастады
10:00, 23 октября 2023 г.

Биыл қыркүйек айынан бастап «Ұлттық волонтерлік желі» Заңды тұлғалар бірлестігі еліміздің 20 өңіріне жұмыс сапарын бастады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

"Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізуді бастады. Басты мақсат - бүкіл республика бойынша волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу және жаңа Жол картасы жобасына ақпарат жинау. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өңірлермен өзара іс-қимыл жөніндегі бағыттың басшысы Ақерке Құсанова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстанда волонтерлік салада 600-ден астам ұйым тіркелсе, ондағы 200 мыңнан астам адам осы салада жүйелі түрде жұмыс істейді. Олардың орташа жасы 32 жастан жоғары.

- Бізде кездесу, басқа да шара ұйымдастыру барысында 16-шы өңір Атырау қаласы болды. Іс-шараның маңыздылығы Қазақстанда да, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы маусым айында өткен Халықаралық волонтерлер форумында сөйлеген сөзі дәлел. Онда мемлекет пен қоғамның волонтерлік қызмет саласындағы сенімді әріптестігін қалыптастырудың маңыздылығын айтып кеткен болатын, - деді А.Құсанова.

Мемлекет басшысы Қазақстанда волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асырылғанын атап өтті. Сонымен қатар қоғамда волонтерлік пен қайырымдылық дәстүрлерін нығайту үшін кешенді қадамдарды ұсынды. Сол жоба шеңберінде еріктілер желісі республиканың барлық аймақтарында түрлі іс-шаралар өткізетіндігін Ақерке Құсанова мәлім етті. 

- «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ бүкіл республика бойынша волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында еліміздің 20 өңірінде іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізудің басталғаны туралы естеріңізге сала кетейін. Біз жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесе отырып, волонтерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау стандартын орындау бойынша тренингтер өткізіп тұрамыз.

Сонымен қатар 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ақпарат жинау мақсатында семинар өткіздік, - деді А.Құсанова.

Айта кетейік, биыл желтоқсан айында Жол картасы қабылданады деп күтілуде. Сол жоба ішінде өткізілген іс-шаралар аясында 2026 жылға дейін волонтерлер қозғалысының мақсаттары мен міндеттері айқындалатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #еріктілер
Объявления
live comments feed...