18:00, 19 октября 2023 г.
Биыл Атырау облысында психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың алғашқы 264 жағдайы анықталды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Анықталған 264 жағдайдың 159-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Былтыр осы мәселе бойынша 169 жағдай тіркелген болатын. Бұл туралы «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК басшысы Елдос Кдрсихов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Атырау облысында динамикалық бақылауда барлығы - 8240 науқас есепте тіркелген. Оның ішінде психиатриялық динамикалық бақылауда - 5692 науқас, наркологиялық динамикалық бақылауда - 2548 науқас тіркеуде.
- Биыл облыс бойынша психикасында және мінез-құлқында ауытқуы бар 264 адам анықталған болатын. Жалпы психологиялық көмек стационарлық және амбулаториялық деңгейде көрсетіледі. Облыс бойынша 7 ауданда 7 психикалық денсаулық кабинеттері мен қалада №1, №2, №3, №4 және №7 емханалардың жанында 5 алғашқы психикалық денсаулдық орталықтары жұмыс істейді. Халыққа психологиялық қызмет көрсету мақсатында психоәлеуметтік түзету және медикопсихологиялық көмек бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімшеде балалар психиатры, психологы, терапевт, логопед, дефектолог қызмет көрсетеді. Сондай-ақ осы жылы психологтар 2243 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде 669 бала, 154 жасөспірім, 1420 ересек болды. Сонымен қатар 102 адам психологиялық кеңес алып, 93 адам психодиагностикадан өтті. Оған қоса бізде арнайы психологиялық түзету бойынша сабақтар мен тренингтер жиі өткізіліп тұрады, - деді Е.Кдрсихов.
Оның айтуынша, биыл психологиялық белсенді заттарды қолдану нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар 196 науқас есептен шығарылған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
15
09:49, 17 декабря
11:02, 16 декабря
12
live comments feed...