12:00, 19 октября 2023 г.
Атырауда алғаш рет шежірешілер байқауы өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Облыстық Ардагерлер кеңесі, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және Ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының қолдауымен ардагер өнерпаздардың арасында «Қарттарым тұнған шежіре» атты облыстық шежірешілер байқау өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Іс-шара жас ұрпаққа қазыналы қарттарымыз арқылы шежіре тарихын ұғындырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Сайыста облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов байқаудың маңыздылығына тоқталды.
- Бұл шежірешілер байқауы «Қарттарым тұнған шежіре» атты атаумен бүгін облысымызда алғаш рет өтіп отыр. Қазақта «жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұлы сөзі бар. Біздің негізгі мақсатымыз - сайысқа қатысушы ардагерлердің бойында тұнып тұрған шежіре мен даналық сөздерін ұрпаққа тарату, насихаттау. Шежіре – бұл тарих, ол өңірдің, елдің тарихы. Осы жөнінде бүгін кеңірек тарқатылып отыр,- деді М.Өтешов.
Байқауға 60 жастан жоғары 18 шежіреші ардагер қатысты. Үміткерлердің сахналық киімі ұлттық нақышта болуы міндеттелді.
Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Атырау қаласының шежірешісі Ақмырза Батырқайыров иемденді. Сондай-ақ қаладан қатысушы ардагерлер Сахытжан Құлмаханов I орын, Бақтыбек Таубаев II орынды қанжығалады. Ал, жүлделі III орынды Құрманғазыдан келген Асқар Ғұмаров пен Махамбет ауданының тумасы Амангелді Есенғалиев иеленді. Додаға қатысушы қалған 13 өнерпаз арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:02, 16 декабря
12
09:49, 17 декабря
53
live comments feed...