• Главная
  • Миялы-Ойыл автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды
14:00, 18 октября 2023 г.

Миялы-Ойыл автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес  Қызылқоға ауданында Миялы-Ойыл автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Ұзындығы 18,5 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме «Мангистауский комбинат дорожно-стройтельных материалов» АҚ. Бүгінде 16 шақырым жолдың топырағын көтеру (грунт) жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі таңда су өткізгіш тұрбалары және мал өткелдерін салу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, жоба құны 6 млрд 200 млн теңгені құрап отыр. Аяқталу мерзімі 2024 жыл.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Миялы-Ойыл #жолының құрылысы
Объявления
live comments feed...