• Главная
  • Е.Жаңбыршин: Жайықтың мәселесін БҰҰ-да көтеру қажет
18:00, 4 октября 2023 г.

Е.Жаңбыршин: Жайықтың мәселесін БҰҰ-да көтеру қажет

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен Атырау облысындағы экологиялық ахуалдың жай-күйі тақырыбында көшпелі отырыс өтті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Алдымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өңірдегі экологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу бағытында жасалған жол картасына 22 іс-шара енгізілген. Бұл ретте облыста «Тухлая балка» кәріздік суларының булану алаңын, «АМӨЗ» ЖШС-інің булану алаңы бөліктерін, «Квадрат» булану алаңын, қаланың оң жақ бөлігіндегі кәріздік тазарту ғимаратын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. 

Өз сөзінде Ж.Бисембиев Жайық өзені мен Каспий теңізінің жағдайына тоқталып, бірқатар ұсыныс берді. 

- Облыс көлемінде Жайықты оңалту бойынша түп тереңдету және жағалау бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Алайда Жайық өзенінің соңғы үш жылда арналары тайыздалып, тартылып экологиялық зардап шегу алдында тұр. Өзеннің орташа көпжылдық ағынының қалыпты көлемі 9,46–дан 2022 жылы орташа жылдық ағыны 4,93  текше км-ге, яғни 2 есеге төмендеді. Осыған орай, бірінші кезекте өзеннің су ағынын ұлғайту қажет етіледі. Ол үшін, Жайық өзенінің жоғары жағында орналасқан су қоймаларынан төмен қарай су жіберу көлемін арттыру, оның ағысын үйлестіру (синхронизация) мәселелеріне және өзеннің ғылыми-зерделеу жұмыстарын ұйымдастыруды, Экология, табиғи ресурстар министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше назар аударуды қажет деп есептеймін.  Соңғы жылдары Каспий теңізінің фондық деңгейі 2 м-ге төмендеп, жағалаудан 25-30 шақырымға қашықтады, орны тұзды құмдарға айналу қаупі туындап отыр. Бұл ретте Экология және табиғи ресурстар министрлігімен «Ақ Жайық» резерватының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін тиісті деңгейде қаржы бөлінуін қажет етеді. Сонымен қатар, Каспий теңізінің тартылу себебін анықтау бағытында жоғарыда атап өткен Министрліктер шұғыл ғылыми-зерделеу жұмыстарын жүргізуді  және  жағалаудағы тұзды шаңға тосқауыл қою үшін нақты бағдарламалар жасауы керек деп есептейміз,-деді Ж.Бисембиев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Е.Жанбыршин #Урал
Объявления
live comments feed...