12:00, 4 октября 2023 г.
Сарайшық ауылында жол төсеніш тастарын (брусчатка) шығаратын шағын цех іске қосылды
фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Жексенбай Пазуловтың айтуынша, шағын цехты іске қосқан Сарайшық ауылының тұрғыны, ІІІ топ мүмкіндігі шектеулі жан Ерлан Шугайпов. Кәсіпкер осы кәсіпті ашу үшін мемлекеттен 1 млн 280 мың теңге қайтарымсыз қаржы алған.
Ал кәсіпкердің өзі жұмысын игеруге ғаламтордың көмегі көп тигенін айтып отыр.
— Негізгі мамандығым мұнайшы. Бірнеше жыл Қашаған кен орнында еңбек еттім. Жұмыстан босағасын, бір кәсіп ашуды ойладым. Ойлана келе қазіргі таңда сұранысқа ие, заманауи төсеніш тастарына тоқталдым. Екі жыл бойына ғаламторды ақтарып, құрамына не қосатынын, қалай жасалатынын зерттедім. Әбден дайындалып, өзіме сенімді болғанда, жұмыспен қамту орталығына қайтарымсыз грантқа құжат тапсырып, жобамды сәтті қорғап, 1 280 000 теңгеге ие болдым,- деді Е.Шугайпов.
Оның айтуынша, алған ақшаға құрал-жабдықтар, құрамына қосатын қоспаларын сатып алған. Тас шығаратын құрылғыны өңірден таба алмаған соң, тағы да ғаламтордан қарап, өзі жасап шығарған.
— Цехты ашып, жұмысымды бастадым. Қазір 40 шаршы метр төсеніш дайындап қойдым. Бір шаршы метрін 3000 теңге деп отырмын. Тапсырыс көп болса жеңілдік жасаймын. Аптаның бір күні, яғни жұма күні аудан аумағына жеткізіп беру тегін. Бір күнде 150 дана тас шығарамын,- деді кәсіпкер.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
15
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
53
live comments feed...