• Главная
  • Аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
20:00, 2 октября 2023 г.

Аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдеріне біріңғай есеп беру жиыны өтті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Жұмаситов өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен 2022 жылы бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша  рейтинг қорытындысына сәйкес 17 аймақ арасында Атырау облысы статистикалық және сауалнамалық көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша 6 орынды иеленді.

- Кәсіпкерлік субъектілерді төмен пайыздық несиемен қамтамасыз ету мақсатында облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында 2023 жылы бюджеттен 11,4 млрд.тг (РБ – 9,2/ ЖБ – 2,2) теңге бөлінді. Нәтижесінде несие сомасы 35,8 млрд.тг құрайтын 816 кәсіпкерлердің жобасы қолдау тауып, олармен 550 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Бұдан бөлек, ауыл кәсіпкерлерін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаражаттар қарастырылып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Соңғы 10 жылда (2013-2022 жж.) жергілікті бюджеттен  3,8 млрд. тг бөлініп, 718 жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, 567 бизнес нысандары қолдау тапты. Кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық ауыртпалығының төмендеуіне және олардың одан әрі дамуына ықпалын тигізу мақсатында салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеменің мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді Н.Жұмаситов.

Ал Мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Нариман Биғали бизнесті құқықтық қорғау туралы баяндама жасады. Ол басқармамен салынып жатырған нысандардың және заңсыз жүргізілген құрылысты анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар заңсыз салынған тұрғын үй кешені анықталғанын айтты. 

- Атап айтқанда Атырау қаласы аумағында бірқатар тұрғын үй кешендері анықталды. Олар: «Жібек жолы», «Ақмаржан», «Байсанат», «Saraishyk», «Qazanat», «Quattro», «Асыл тас», «Мальтийскй дворик», «NB Towers», «Көктем», «Rayana park». «Жібек жолы» және «Ақмаржан» тұрғын үй кешені бойынша сот процесі аяқталды. «Байсанат», «Saraishyk», «Qazanat» тұрғын үй кешендері бойынша пайшылардың арызы негізіндер тергеу істер жүргізіліп жатыр. «Көктем» тұрғын үй кешені бойынша заңсыз құрылыс жөнінде сот шешімі қабылданды. Қазіргі таңда заңсыз құрылысты бұзу 2024 жылдың наурыз айына кейінге қалдырылды. «NB Towers» тұрғын үй кешені бойынша жеке тұлғаның арызы негізінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. ҚР ӘҚБтК 316  және 321 бабтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ҚР ӘҚБтК 463 бабына сәйкес хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды,-деді Н.Биғали.

Кездесуде кәсіпкерлер субсидия алу, жер телімін бөлу, электр жарығы тарифінің бағасын түсіру, балықшаруашылығын дамыту үшін бағдарлама енгізу, жылыжайлар санын арттыру, инфрақұрылым жүргізу сынды мәселелер талқыланды.

Жиында көтерілген мәселелер кездесудің хаттамасына енгізілді. Мұнда қатысқан мемлекеттік органдар мен монополист кәсіпорындардың басшылары кейбір сұрақтарға сол жерде жауап беріп, қажетті кеңес берді.   

Серік Шәпкенов келесі кездесудің форматын сұрақ-жауап түрінде емес, панельдік отырыс ретінде өткізуді ұсынды. Сонымен қатар жауапты сала орынбасары Марат Мурзиевке кәсіпкерлермен бірлескен түрде Атырауды бизнеске қолайлы өңір ретінде дамытуға бағытталған жоба жасауды тапсырды. 

Сонымен қатар кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін көмек ашық әрі жариялы түрде болуы қажеттігін қаперге берді.

- Бүгінгі жиын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бақылау-қадағалау органдарының өңірлерде бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп күнін» өткізу бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Атырау өңірі бизнестің дамуына қолайлы облыстардың бірі болып саналады. Ал, бизнес болса – экономиканың нағыз «локомативі». Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік субъектілері санының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, сондай-ақ бюджетке түсетін салық түсімдері жылдан жылға артуға  септігін тигізуде. Әкімдік өз кезегінде жұмыс істеймін деген кәсіпкерлерге қажетті қолдау көрсетеді. Облыста бизнеске қолайлы аумақ қалыптастырып, инфрақұрылым жүргізуге кәсіпкерлер палатасымен бірікке түрде бағдарлама жасау керек деп есептеймін. Бәріміз осы Атырауды мекен еткен соң, оны дамытуға атсалысуымыз тиіс,-деді С.Шәпкенов. 

Анықтама үшін: 2023 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген субъектілердің саны 73 730 бірлік құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  14,3 пайызға артты. Оның ішінде нақты жұмыс істейтін субьекті саны - 67 214.  

2023 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 112,1 пайызға артып, 149,9 мың адамды құрады, өндірілген өнім көлемі 1,5 трлн.теңгеге жетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Өңір басшысы #кәсіпкерлер
Объявления
live comments feed...