12:00, 16 сентября 2023 г.
Өңірде 15 қыркүйектен бастап МӘМС бойынша емханаларға тіркелу акциясы басталады
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КеАҚ Атырау облысы бойынша филиал директоры Байтолла Ғазизов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өздеріңіз білесіздер 2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Қазақстанда бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымының аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы тіркеудің жүргізілуі басталады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдауды ұсынады. Бұл жағдайда қажет болғанда, емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне бара алады. Медициналық санитарлық көмек көрсететін, медицина ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмекті ала бастайды,- деді Б. Ғазизов.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі мен МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсетуге үміткер ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Тіркелу үшін қолжетімді емханалардың тізімімен қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.
Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада қызмет көрсетуді жалғастырады. Медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалмау үшін азаматтарға тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметтің веб-порталында тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады, - деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін электрондық үкімет порталында, қор сайтында және тelegram-дағы SaqtandyryBot, сонымен бірге Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы арқылы білуге болады.
Айта кету керек, бекітілген халық саны жалпы тәжірибелік дәрігерге 1700 адамнан, учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан немесе 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде емхана жүйесі тіркеуден бас тартуы мүмкін.
Статистикалық мәліметке жүгінсек, облыс бойынша 604359 адам сақтандырылса, 78683 адам медициналық сақтандырылмаған. Сондай-ақ 555551 адам мемлекеттік емханаларға, 126316 адам жеке емханаларға тіркелген.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, Вчера
53
10:02, 12 ноября
12
11:22, Вчера
15
live comments feed...