14:00, 14 сентября 2023 г.
Атырауда сумен жабдықтау жүйелерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілмек
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Атырау облысы Су арнасы» КМК сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің өндірістік процестерін автоматтандыру мен цифрландыру жұмыстарын жүргізу бойынша өңірде жобалық-сметалық құжаттама жасалмақ. Сонымен қатар жол картасы дайындалып, жүйелерді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ның бас техникалық жетекшісі Смағұл Тукешов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
С.Тукешовтің айтуынша, өңірдегі тұрғын үйлер мен ғимараттарда, құрылыстарда су өлшегіш құралдарын орнатып, өндірістік процесстер бойынша су ресурстарын есепке алудың толық кешенімен қамтамасыз ету көзделген. Атап айтсақ су алу, тасымалдау, тұтыну, бұру және тазарту қарастырылған. Орнатылған құралдар гидромодель жасау және нақты уақыттағы су ресурстарын есепке алуды қамтамасыз ету үшін Scada жүйесіне деректер жібереді.
- Бұл жүйе желілердегі судың тұрақты қысымын қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын модельдеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көрсеткіштердің дәлдігін арттыру арқылы технологиялық және коммерциялық шығындарды азайтады, тозған желілер мен жөндеу жұмыстарын анықтайды. Біріктірілген автоматтандыру нақты қажеттілік бойынша жобалардың қуатын есептеп, кәсіпорынның болашақ шығындарын, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салуға, реконструкциялауға кететін мемлекеттік бюджетті есептеуге мүмкіндік береді, - деді С.Тукешов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 2.6-тармағына сәйкес, облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің және тазарту құрылыстарының өндірістік процестерін автоматтандыру жөніндегі жобаларды іске асыру көзделген болатын. Соған орай С.Тукешов Шымкент қаласына тәжірибе алмасу мақсатында сапар ұйымдастырғанын айтып өтті.
- Аталған жүйе Шымкент қаласында іске қосылды. Біз тәжірибе алмасу үшін осы қалаға сапар ұйымдастырдық. Онда суды өндіру және тасымалдау жұмыстары технологиялық процесті басқару жүйесі арқылы толығымен автоматтандырылған. Орталық диспетчерлік қызметі тәулік бойы қаланың су құбыры жүйесінің негізгі тораптарындағы су қысымының деңгейін интернет браузердің көмегімен мониторда көрсетілетін көрсеткіштер арқылы бақылайды. Осы технологияның нәтижесінде тұрақты сумен жабдықтау қамтамасыз етілген және құбыр желілерінің апаттылығы үш есе азайған. Барлық жалпы есептеу аспаптары көрсеткіштерді қашықтықтан түсіру технологиясымен 100% жабдықталған және жұмыс істеп тұрған кәріз-тазарту құрылыстары толығымен автоматтандырылып, қашықтан басқарылады,- деді С.Тукешов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, Вчера
17:12, 17 ноября
11:22, Вчера
53
12:33, 10 ноября
live comments feed...