• Главная
  • Атырау облысында күзгі-қысқы аңшылық маусымы басталды
14:00, 13 сентября 2023 г.

Атырау облысында күзгі-қысқы аңшылық маусымы басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Өңірде күзгі-қысқы аң аулау маусымы кезең-кезеңімен ашылуда. Қыркүйек айының бірінші сенбісінен бастап жанат тәрізді итті, жабайы шошқаны, шілгені аулауға рұқсат етілсе, 15 қыркүйектен үйрек, қаз, қасқалдаққа аңшылыққа шығуға болады. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалқаров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл өңірде аң аулауға арналған үш орын бекітілді. Олар Жылыой, Исатай және Құрманғазы аудандарында. Аң аулау жұмыстары арнайы жолдама арқылы іске асырылады. Биылғы аңшылыққа жолдама соммасы 6000-21000 теңге аралығында. Ал аңдар, құстар, балықтарды аулау мерзімі кезең-кезеңімен ашылады.

- Осы жылдың 1 шілдесі мен 30 қарашаға дейін шалшықшыны, 20 тамыз бен 30 қараша аралығында кептерді аулау рұқсат етілсе, қыркүйек айының бірінші сенбісінен бастап жанат тәрізді итті, жабайы шошқаны, шілгені және 15 қыркүйектен үйрек, қаз, қасқалдақты қақпанға түсіруге болады. Сондай-ақ бірінші қараша мен 2024 жылдың 15 ақпанына дейін түлкі және қоянға аңшылыққа шығуға мүмкіндік бар.

Атырау облысында 6500-ден астам аңшы бар. Алайда олардың екі жарым мыңы ғана белсенді түрде аңға шығып, облыстық аңшылар және балықшылар қоғамының мүшесі атанып отыр. Сондай-ақ өткен жылы 800 аңшы жолдама алса, биыл 1200 аңшыға жолдама беру көзделіп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #аңшылық маусымы
Объявления
live comments feed...