20:00, 8 сентября 2023 г.
Өңірде несие сомасы 14,4 млрд теңгеден астам 425 жоба қолдау тапты
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Бұл туралы «Даму» қорының филиал директорының орынбасары Ернар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ернар Жұмағалиев бизнесті қолдау және дамыту бағдарламалары іске қосылған кезден бастап Атырау облысында несие сомасы 255,2 млрд теңге болатын 4047 жоба субсидияланған және кәсіпкерлердің 3276 жобасы «Даму» қорынан 35,4 млрд теңгелік кепілдік алғанын мәлім етті. Мұндағы жалпы несие сомасы 71,8 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ Е.Жұмағалиев бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау елдің кәсіпкерлік бағытын дамытуда маңызды рөл атқаратынын айта отырып, осы жыл ішіндегі нәтижелерге тоқталды.
- «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша кәсіпкерлердің 23,9 млрд теңгеден астам 428 жобасы қолдау алды. Оның ішінде «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде несие сомасы 14,4 млрд теңгеден астам 425 жоба қолдау тапты. «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу тетігі бойынша 9,5 млрд теңгеден астам 3 жоба, «Кепілдендіру» құралы бойынша облыс кәсіпкерлерінің кредит сомасы 11,9 млрд теңгеге 388 жобасына қолдау көрсетілді. Жалпы кепілдіктер сомасы 5,8 млрд теңгені құрады, - деді Е.Жұмағалиев.
Бұдан әрі БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды, оның барысында олар «Орда-Сұлтан» ЖШС, Гайдарова ЖК, «Grand med group» ЖШС, «Риза» ЖК кәсіпорындарына барып, бизнесті жүргізу әдістерімен жақырынырақ танысты. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша оқыту семинары өткізілді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
09:49, 17 декабря
15
live comments feed...