10:00, 8 сентября 2023 г.
Атырауда «Мен кәсіпкермін» жобасының түлектеріне өз бизнесін ашуға көмек көрсетіледі
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Тігін ісі» мамандығы бойынша оқыған әйелдер үшін шеберлік сағаты ұйымдастырылып, өз ісін ашуға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Мен кәсіпкермін» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» атты үшінші бағыты бойынша бейіндік оқытудың кезекті легі аяқталды. Бұл жолы сертификаттарды бір ай бойы тігін ісінің қыр-сырын үйренген, жұмыс істеп жүрген және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, қала мен аудандардан келген көп балалы аналар қатарынан 20 әйел алып отыр.
- Оқытуды ұйымдастыру үшін Атырау облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Profi Consulting Group» ЖШС-мен шарт жасасты. Курстар «IQ Group» оқу орталығының базасында өтті. Біз бұл білім беру мекемесін кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол әртүрлі пәндер бойынша 5 мыңнан астам адамды оқытып, өзін сәтті көрсетті. Бұл «Мен кәсіпкермін» жобасының шеңберінде Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған үшінші оқу курсы. Жыл соңына дейін шаштараз және қолданбалы өнерге оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оқыту өтеусіз негізде өтуде, - деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова.
Тігін курсы бойынша тыңдаушылардың қатарында Әйгерім Әміреева бар. Көп балалы ана өзінің тігін өндірісін ашуды армандайды. Ол «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыған. Ол өз бизнес-жоспарын жазып, қазір мемлекеттік грант алуға құжаттар тапсыруға дайындалуда.
-Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына, «IQ Group» оқу орталығына осы курстарды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл мен сияқты көп балалы аналарға үлкен қолдау. Біздің арамызда алғаш рет тігуді бастағандар да, оны кәсіби түрде жасағандар да болды. Бірақ бәрі өз дағдыларын арттырғысы келеді. Ал оқыту барлығына пайдалы болғаны сөзсіз. Өйткені тәжірибе көп, тәртіп жоғары деңгейде болды. Соның арқасында оқуды аяқтаған кезде бәріміз тігудің қыр-сырын үйрендік, - деді Ә.Әміреева.
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжан Мұхатаева мен Атырау дизайнерлер қауымдастығының төрағасы Айсұлу Оразбаева «Мен кәсіпкермін» жобасының түлектеріне сертификаттар табыс етті. Олар оқу барысында әйелдер жасаған бұйымдардың сапалы екенін атап өтті және оларға мұнымен тоқтап қалмауға және білімдерін үнемі жетілдіруге кеңес берді. Мұнда шеберлік сағатын түлектерге ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Онда жаттықтырушы Айсұлу Оразбаева қатысушыларды өз өндірісі негізінде тігін ісінің қыр-сырымен таныстырады.
Бұдан басқа, «Мен кәсіпкермін» жобасының үшінші бағыты шеңберінде әйелдер қауымы жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:49, 17 декабря
11:02, 16 декабря
12
live comments feed...