13:00, 1 сентября 2023 г.
Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған 88 атыраулық баспаналы болады
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Осы жылы жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа дайын пәтерлер сатып алынып, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жалға беріледі. Бұл туралы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторы меңгерушісі Рафхат Жолдиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде Атырау қаласы бойынша 21 мыңға жуық атыраулық үй кезегінде тұр. Олар кезек-кезегімен жалға немесе ипотекалық бағдарламар арқылы баспанаға ие болуда. Биыл да 88 тұрғын жалға алу тәсілімен баспанаға ие болса, оған қоса «Атырау жастары» бағдарламасы арқылы 55 жас өз баспаналарын алды. Сондай-ақ қазір «Бақытты отбасы - Атырау» жобасы да іске қосылды.
-Биыл 35 жасқа дейінгі жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Атырау жастары» бағдарламасын іске қосып, ол арқылы 55 жас өз үйлеріне орналасты. Ал қалған құжаты мақұлданғандар пәтер немесе несиеге кепілдік іздеуде. Сондай-ақ табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы «Бақытты отбасы - Атырау» басталды. Бұл бағдарлама арқылы кезекте тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастапқы жарнасыз қолданыстағы үйді сатып алуға мүмкіндік беріледі,- деді Р.Жолдиев.
Оның айтуынша, былтыр осы бағдарламаға 366 тұрғын өтініш берген. Бүгінде олардың құжаттары қайта қаралып, 69 адамның құжаты банкке жолданған. Банкке тізімі жолданған 69 адамның төртеуінің төлем қабілеті расталып, өз пәтерлеріне ие болды. Ендігі кезекте қалған тұрғынның төлем қабілеті анықталуда.
Сондай-ақ ол, Атырау облысы аудандарының тұрғындары үшін несиенің ең көп сомасы – 13 млн теңге болса, ал Атырау қаласының тұрғындары үшін – 18 млн теңге екенін атап өтті. Ал несиелеу мөлшерлемесі – 5 %, мерзімі – 19 жыл. Ең маңызды артықшылығы - бастапқы жарнаның және табыс шектеуінің болмауы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
11:02, 16 декабря
12
live comments feed...