17:00, 20 мая 2023 г.
Жылыойда зираттарды қоршау жұмыстары жүргізілуде
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Құлсары қаласының іргесінде орналасқан «Матай ата» зиратының сыртын бетонмен қоршау жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қаладағы Құлсары Ата, Мамық Ата, Дияр Ата, Күмбез Ата және № 4, 9 ықшам аудандардағы зираттардың қоршауларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адиновтің айтуынша, зират басындағы жұмыстарды жүргізіп жатқан мердігер мекеме – «ГрадСтройСервис» ЖШС.
- «Матай Ата» зиратын қоршау аумағы 25 гектар. Ал қаланың ішіндегі қалған алты зират 22,93 гектар аумақты алып жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарына 197 миллион 917 мың және «Матай Ата» зиратын қоршау жұмыстарын 105 миллион 532 мың теңге бөлінді,- деді Қ.Адинов.
Оның айтуынша, аталған жұмыстар шілде айында аяқталады деп күтілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:37, 20 декабря
09:49, 17 декабря
53
11:02, 16 декабря
12
live comments feed...