• Главная
  • Атырауда былтыр заңсыз ауланған екі жарым тонна балық жауапты мекемелерге өтікізілді
10:00, 18 января 2023 г.

Атырауда былтыр заңсыз ауланған екі жарым тонна балық жауапты мекемелерге өтікізілді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр заңсыз деп танылған қара балық тұқымдас балықтар тәркіленіп, жауапты мекемелерге тапсырылды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Атырау балық инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар Әміржанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өңірдегі заңсыз деп танылған қара балықтың жалпы салмағы 2505,6 кг, оның ішінде 2403,5 кг иесіз аулардан тәлкіленген, қалған 100,4 кг ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік істермен алынған. Оған қоса 1,7 кг бекіре тұқымдас балық тәрлкіленіп отыр. Барлық алынған балықтар «Амангелді» ЖШС, «Абылай-хан» ЖШС және «Тілекші» ЖШС, «Надежда-1» мекемелеріне тапсырылған. 

 Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша 244 құқық бұзушыға 5 млн 69 мың 265 теңге айыппұл салынып, оның 225 адамнан  4 млн 266 мың 759 теңге өндіріліп отыр. Сонымен қатар иесіз 1002  дана балық аулау мен жүзу құралдары тәркіленді. Оның ішінде 937 дана ау-құралдары мен 65 дана қолдан жасалған қайық анықталып отыр. 

-Былтыр қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Атырау балық инспекциясы бөлімінің мамандары 577 құқық бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Оның ішінде Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы 1-тармағы бойынша 7 әкімшілік іс  және ҚР ӘҚБтК-ның 383-бабы 3-тармағы бойынша 42 әкімшілік іс жолданды,- деді О.Әміржанов.

Айта кетейік, бүгінде Атырау балық инспекция бөлімінде штат бойынша 9 мемлекеттік инспектор жұмыс жасауда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #балық
Объявления
live comments feed...