• Главная
  • Былтыр Атырауда 14 жедел саты жаңартылды
12:00, 12 января 2023 г.

Былтыр Атырауда 14 жедел саты жаңартылды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердегі 14 жедел саты жаңартылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған жедел сатылар 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы-жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. 2020 жылдан бері қалада 16 жедел саты жаңартылған.

Былтыр Атырауда 14 жедел саты жаңартылды, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан №23, 25 және 27 тұрғын үйлерде 7, Молдағалиев көшесінде орналасқан №29 үйде 3 жедел саты ауысты. Сонымен қатар, Сатпаев көшесі №19 және Сары-Арқа ықшам ауданы №29 үйдегі 4 жедел саты ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Лифтспецстрой» және «КарЭлектроПромЛифт» ЖШС. Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасымен жоғарыда аталған мердігер мекеме Сатпаев көшесі №54 көпқабатты үйде тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап аталған үйдің кіре берісіне демеушілік көмекпен заманауи электірлік пандус орнатып берді,- деді «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас маманы Мерей Игілік. 

Былтыр Атырауда 14 жедел саты жаңартылды, фото-2, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында биыл Атырау қаласы бойынша 6 жедел сатыны жаңарту жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #лифттер
Объявления
live comments feed...