• Главная
  • Құлсары қаласында мұз айдыны ашылды
10:00, 10 января 2023 г.

Құлсары қаласында мұз айдыны ашылды

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құлсары қаласында «Бақытты бала» мұз айдыны мен отбасылық демалыс орны ашылды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құлсары қаласында мұз айдыны ашылды, фото-1, фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Отыз бес балаға арналған мұз айдынын бұған дейін жылыойлықтарға альпі ешкісінің сүт өнімдерін ұсынған кәсіпкер Аманжан Құсайынов ашып отыр. 

-Мұз айдыны жыл бойына қызмет көрсетеді. Ондағы синтетикалық мұздың қаттылығы нақты мұзға қарағанда 10-15% жоғары және бұл жаңадан коньки тебуді бастаушылар мен балаларға жаттығуларға, мәнерлеп сырғанау, керлинг немесе хоккей элементтерін жаттықтыруға ыңғайлы. Бұл соңғы озық технология, деді А.Құсайынов. 

Құлсары қаласында мұз айдыны ашылды, фото-2, фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұз айдынында 140 дана италяндық өндіруші конькилерімен жабдықталған. Ал демалыс паркінде балаларға арналған түрлі атракциондар мен батуттар бар. Сондай-ақ, жаз мезгілдерінде Қамыскөлдің әдемі көріністерін аралауға арналған әдемі қайықтар да бар. 

Айта кетейік, аталған мұз айдыны Береке- ықшам ауданында Қамыскөл жағажайында орналасқан. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін 14:00-18:00 сағат, ал сенбі-жекенбі күндері сағат 14:00-20:00 аралығында жұмыс істейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мұз айдыны
Объявления
live comments feed...