• Главная
  • Биыл Атыраудың бірқатар ықшамаудандарында интернет желісі жаңартылмақ
10:00, 7 января 2023 г.

Биыл Атыраудың бірқатар ықшамаудандарында интернет желісі жаңартылмақ

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Атырау қаласының Еркінқала-2, Ақжар, Ақжар-2, Жұлдыз-3 елді мекендерінде жаңа базалық интернет станциялардың қосымша құрылысын салу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыста 153 елді мекен болса, оның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес 130 елді мекенге интернет желісі жүргізілген.

-Бұған дейін 250 тұрғыннан жоғары ауылдық елді мекендерге интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Атырау облысының 7 елді мекеніне интернет жүргізілді. Яғни Индер ауданының Жарсуат, Құрылыс, Өркен ауылдары, Исатай ауданының Нарын, Жаңа Жанбай ауылдары, Құрманғазы ауданының Шағырлы, Ғ.Әліпов  ауылдарына Кселл байланыс операторы 3G және 4G технологиясы бойынша мобильдік интернетпен қамтамсыз етілді. Ал желтоқсан айында Құрманғазы ауданының Жамбыл және Афанасьев елді мекендері интернет желісіне қосылды,- деді Қ.Бекбаева.

Сонымен қатар оның айтуынша, «Кар-Тел» ЖШС Еркінқала-2, Ақжар, Ақжар-2, Жұлдыз-3 елді мекендерінде жаңа базалық станциялардың қосымша құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #интернет
Объявления
live comments feed...