• Главная
  • Облыста туризм саласын дамытуға бірқатар жоспарлар жасалды
13:00, 4 января 2023 г.

Облыста туризм саласын дамытуға бірқатар жоспарлар жасалды

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

2025 жылға дейін облыста туризм саласында 338 жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде 10,8 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Жаннат Сабырғалиева мәлім етті,- деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба аясында  «Сарайшық» визит орталығы бюджет есебінен салынса, 8 жоба жеке инвестиция есебінен салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 4 жоба іске асырылған. Олар  «Нұрлы тал» этно-паркі, Құрманғазы ауданындағы екі туристік-демалыс базасы және Мақат ауданындағы кемпинг. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту бағытында туризм саласында 340 жұмыс орындарын құрылады. Қазір оның 282-сі құрылған.

Облыста туризм саласын дамытуға бірқатар жоспарлар жасалды, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

- 2023 жылы облыстың қолөнершілерін және дизайнерлерін қолдау және дамыту мақсатында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Өңірдің туризмін танымал ету мақсатында туроператорларға, БАҚ-қа, жастарға  арналған ақпараттық тур ұйымдастырылады және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша, Құрманғазы ауданындағы Лотос алқабының танымалдығын арттыру мақсатында видеоролик әзірлеу және Индер көлінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша сараптама-зерттеу жұмыстары  жүргізіледі,-деді Ж.Сабырғалиева.

Оның айтуынша, 2022 жылы ішкі және кіру туризмі бойынша келушілердің саны – 108 158 адамды құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсіп отыр. Сондай-ақ 2022 жылы туризм саласын цифрландыру мақсатында 6 туристік нысанға QR кодтар орнатылған. Осы арқылы туристер 5 тілде ақпарат алуға және 3D тур жасау мүмкіндіктеріне ие болып отыр.

Айта кетейік, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында жыл сайын көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына «Өз еліңді танып біл» жобасы аясында Астана, Алматы, Ақтау қалаларына экскурсиялар ұйымдастырылып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #туризм
Объявления
live comments feed...