14:00, 28 декабря 2022 г.
Биыл Атырауда 149 көп пәтерлі үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді
Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік комммуникациялар қызметі.
2011-2021 жылдары аралығында Атырау қаласында барлығы 149 көп пәтерлі үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл 27 үйге жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда 15 үйдің жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, қабылданса, қалған 12 үйді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
-Тұрғындардың сұранысымен Атырау қаласындағы 13 үйге жөндеу жұмыcтарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, дайын тұр. Қосымша 17 үйге ЖСҚ жасақталуда. Бұл үйлерді қаржыландыру үшін республикаға ұсыныс берілетін болады. Ал қазіргі таңда облыс бойынша апатты 116 үй есептелініп тұр. Мемлекет басшысының апатты жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңмен тиісті іс-шаралар жасақталды. Жалпы қаладағы апатты және тозығы жеткен үйлердің бұзу үшін жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр,- деді Қ.Нұртаев.
Оның айтуынша, бұдан бөлек Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 8 үйдің тұрғындарын, салынып жатырған 60 пәтерлік үйге көшіру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуда. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, Индер ауданындағы 2 үй және Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 1 үй тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
10:44, Сегодня
12
17:12, 17 ноября
11:22, 18 ноября
53
live comments feed...