• Главная
  • Биыл Атырауда жергілікті маңызы бар 201 шақырым автомобиль жолы жөнделді
14:00, 27 декабря 2022 г.

Биыл Атырауда жергілікті маңызы бар 201 шақырым автомобиль жолы жөнделді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3052 шақырымды құрайды. 1125 шақырым Республикалық маңызы бар жол болса, 1927 шақырымы облыстық және аудандық жол. Бұл туралы Атырау облысының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстағы 3052 шақырымды құрайтын жолдың 1348 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Осы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлініп, жергілікті маңызы бар 201 шақырым автомобиль жолдары жөнделген. Жөндеу жұмыстары «Ауыл-Ел бесігі», «Моноқалаларды дамыту», «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. 

-Бүгінде обыстың бірқатар аудандарында автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және орташа жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Осыдан үш жыл бұрын қайта жаңғырту жұмыстары басталған облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының  «Индер-Қарабау» аралығын қайта жаңғырту жұмыстары мен «Құрманғазы-Приморье-Утеря-Котяевка» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын келер жылы аяқтау жоспарлануда. Құрманғазы ауданы тұрғандарының сұранысы бойынша басталған жалпы ұзындығы 282 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «7разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік»  учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылына кірме жолын қайта жаңғырту» және «Миялы-Ойыл» автомобиль жолын күрделі жөндеу» жобалары жасақталып, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Бүгінде транзиттік әлеуетті арттыру және жүк көлігі қозғалысын реттеу мақсатында «Атырау қаласының солтүстік айналма автомобиль жолының құрылыс жобасы» бойынша жұмыстар басталды, - деді Қ.Нұртаев. 

Оның айтуынша, сондай-ақ келер жылы облыс көлеміндегі көлік инфрақұрылымын дамытуға 20,7 млрд. теңге бекітіліп, 31 елді мекенде 105 шақырымға жуық автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #автожолдар
Объявления
live comments feed...