14:00, 26 декабря 2022 г.
Атырауда 25 желтоқсанынан бастап «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет
Облыста 25-желтоқсаннан бастап төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ерболат Жүсіпқалиев мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған іс-шара барысында жеке кәсіпкерлер мен тұрғындардың пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сертификатталмаған өнімді сату және пайдалану деректерін анықтау мен жолын кесу мақсатында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып отыр.
- Рейдтік іс-шара кезінде сертификатталмаған өнімді сату деректері көп кездесіп жатады. Анықталған деректер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабына сәйкес еркiн сауда жасауға ҚР-ның заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасағаны үшін жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады. Сондай-ақ жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабына сәйкес пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Осы құқық бұзушылықты он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайда пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Сонымен қатар облыстағы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың арасында жарақаттануға және оларға пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде,- деді Е.Жүсіпқалиев.
Қазір Атырау облысында сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды сақтауға және сатуға «Пиротэкс-Атырау» және «Батыс Сервис Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері рұқсат алып тіркелген. Бүгінде аталған мекемелер заңды түрде өз сауда орындарын ашуда.
Сондай-ақ Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Магомед Ахриев, жаңа жылдық мейрам қарсаңында тұрғындардан пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, 18 ноября
15
live comments feed...