14:00, 24 декабря 2022 г.
Атырауда 157 білім беру мекемесі полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылды
фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлдайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс бойынша мемлекеттік 200 мектеп 9109 бейнебақылау жүйелерімен қамтылса, оның ішінде 137 мектеп полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Мемлекеттік 151 балабақша 5397 бейнебақылау жүйелерімен қамтылып, 20 балабақша Жедел басқару орталығына қосылса, 63-іне турникет орнатылған. Ал мемлекеттік 17 колледждің барлығы да 695 бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Олардың үшеуінде мамандандырылған күзет жұмыс жасаса, он біріне турникет, төртеуіне «дабыл түймесі» қондырылған.
-Қауіпсіздік мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. 2021-2022 оқу жылында «дабыл түймесін» орнату мақсатында жергілікті бюджеттен 88 миллион теңге қаржы қаралып, 200 мектепке «дабыл түймесі» 100 пайыз қондырылды. Атырау қаласындағы 33 мектеп, 45 балабақша лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілді,- деді Ж.Бисембиев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:22
Вчера
14:14
Вчера
Объявления
22:21, 23 ноября
11:22, 18 ноября
53
live comments feed...