19:00, 23 декабря 2022 г.
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Атырауда 12 мектептің құрылысын салу көзделіп отыр
фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір Атырау облысында 200 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, оның ішінде 199 мемлекеттік, 11 жеке меншік, қазақ тілінде 138, орыс тілінде 4, аралас 58, кешкі-ауысымдық бөлімшесі бар 1 мектеп бар. Демографиялық көрсеткіштердің қарқынды өсуінің нәтижесінде білім алушылар контингентінің өсімі айтарлықтай байқалады. 2015 жылы облысымызда 109 392 оқушы білім алса, осы жылы оқушы саны 143 481 болып отыр. Осыған орай білім беру нысандарымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
-Облысымызда «жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 12 мектептің құрылысын салу көзделіп отыр. Олар Атырау қаласындағы Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Ақсай-2 шағын аудандарына әрқайсысына 900 орындық, Драма театры аумағы және Лесхоз шағын ауданына салынатын 2000 орындық мектеп. Сондай-ақ Сарыөзек ауылында 300 орындық, Береке ауылы мен Водников шағын ауданында, Құлсары қаласының Атырау шағын ауданында 1200 орындық, Құрманғазы ауданының Құрманғазы мен Ақкөл ауылдарында және Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 600 орындық орта мектепті салу жоспарда тұр,- деді Ж.Бисембиев.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша 4 апатты мектеп тіркелген. Ал жалпы облыс бойынша 15 мектеп 1 жапсаржайдың құрылысы жүргізілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:22
Вчера
Объявления
11:22, 18 ноября
11:22, 18 ноября
53
17:12, 17 ноября
22:21, 23 ноября
live comments feed...