13:00, 22 декабря 2022 г.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы мен зейнетақының мөлшері артады
фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы мен еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 %-ға өседі,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сондай-ақ жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 айлық есептік көрсеткішен 55-ке артып, 189 750 теңгені құрайды.
-Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленіп, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан не ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мөлшерінде, оның мөлшерін он жылдан асқаннан кейін әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100 пайыздан асырмай ұлғайтылады,- деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Құрманай Қалиева.
Сала мамандарының айтуынша, 2023 жылдың жәрдемақы төлемдерінің жаңа мөлшерлері бекітілді. Атап айтсақ, мүгедектігі бар адамдарға, жалпы аурулығына байланысты 1 топ мүгедектігі бар адамға 77 889 теңге, 2 топ мүгедектігі бар адамға 62 068 теңге және 3 топ мүгедектігі бар адамға 42 190 теңге көлемінде төлем төленбек.
Сондай-ақ көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көлемі де артып отыр. Мәселен, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері бекітілді. Атап айтсақ, төрт баласы бар отбасыға 55 304 теңге, бес баласы барларға 69 138, алты бала үшін 82 973, жеті балалыларға 96 807, сегіз және одан көп балаға әрбір балаға төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төленеді.
Сондай-ақ, сегіз баласы бар отбасыға 110 400 теңге, тоғыз баласы барларға 124 200, он балалыларға 138 000, он бір баласы барларға 151 800 теңге берілетін болады. Ал он екі баласы бар отбасылар 165 600 теңге, он үш балалы отбасылар 179 400, он төрт баламен 193 200 теңге, он бес баласы бар отбасылар 207 000 теңге ала алатын болады.
⠀Сонымен қатар мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін жәрдемақы көлемі артып, мөлшері 56 794 теңге болады.
⠀Ал «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы мөлшері 22 080 теңге болмақ.
⠀Айта кетейік, биыл жыл басында инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, былтырғымен салыстырғанда базалық зейнетақы 5 пайызға, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 7 пайызға өскен еді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, 18 ноября
22:21, 23 ноября
live comments feed...