19:00, 21 декабря 2022 г.
Сарытоғай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы аяқталды
фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылы 100 пайыз ауылішілік автомобиль жолдарымен қамтылды, деп хабарлайды Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сарытоғай ауылында 2021 жылдың тамыз айында 10,9 шақырым ауыішілік автомобиль жолдарының құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 932 миллион теңге. Құрылысты салған мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС.
-Автомобиль жолдарына қоса 2,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 2,3 шақырым көше жарығы да тартылды. Сарытоғай ауылында енді асфалтталмаған автомобиль жолы қалмады. Енді тек кейбір көшелердің жаяу жүргіншілер жолын жасау ғана қалды,- деді аудандық Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сырымбет Кенжебаев.
Оның айтуынша, Сарытоғайдағы И.Тайманов, Ә.Молдағұлова, М.Маметова көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба жасақталуда. Аталған жұмыстар келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, Махамбет ауданында 11175 халық болса, Сарытоғай ауылында 2001 тұрғын мекен етеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, 18 ноября
15
17:12, 17 ноября
22:21, 23 ноября
live comments feed...