• Главная
  • Атырауда ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 22 млрд теңгені құрады
14:00, 18 декабря 2022 г.

Атырауда ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 22 млрд теңгені құрады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласында ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 22 млрд 230 млн 7 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,5 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 5 млрд 386 млн теңге, егін шаруашылығы өнімі – 15 млрд 495 млн теңге. 

-Қала бойынша 3738,9 тонна ет, 4309,8 тонна сиыр сүті, 251 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 13,6%, сиыр сүті – 7,2%, жұмыртқа –9,7% артты. Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мүйізді ірі қара малы – 7292, жылқы – 3033, түйе – 1984, қой мен ешкі – 5642 басты құрады,- деді М.Қалауи.

Сондай-ақ, биыл егістік көлемі – 2588,2 гектарға жеткен. Соның ішінде көкөніс – 1167,1 га, бақша – 392,8 га, картоп – 532,8 га, мал азығы  – 495,5 га. Бүгінде жиналған өнім көлемі 69421,6 тонна болып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ауыл шаруашылығы
Объявления
live comments feed...