• Главная
  • Атырау қаласында тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылады
18:00, 17 декабря 2022 г.

Атырау қаласында тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылады

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен өңірдегі жылу беру маусымы туралы жиында Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи айтты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Қаладағы тозығы жетіп тұрған жеке жылу қазандықтары арқылы қамтылатын көп қабатты тұрғын үйлердің жылу және ыстық су желілерінің қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы 3 дана жылу қазандығын сатып алуға ашық электрондық конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды. Аталған мердігер мекемемен келісімшарт негізінде  1 дана жылу қазандығы  Тұлпар ықшам ауданына (8 үйді қамтиды) қойылды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының баяулығына байланысты  2 дана жылу қазандығы келді. Бүгіннен бастап монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Олар Нұрсая, Болашақ шағынауданындағы 13 үйді қамтитын болады. Кеше Нұрсая ықшам ауданында орын алған мәселеде жылу беру қазандығы болмай қалғанын мойындаймыз. Мердігер мекеме резевртегі жылу қазандарын орнатып, іске қосады. Жылу маусымына толықтай дайынбыз,-деді М.Қалауи.

Атырау қаласында тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылады, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында  облыс әкімі қала әкімі Мейірім Қалауиге жылу беру маусымын еш кедергісіз өткізу үшін кемшіліктерді жойып, жұмысты дұрыс үйлестіруді тапсырды. 

Атырау қаласында тозығы жеткен жылу қазандықтары жаңартылады, фото-2, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мұнда көтерілген мәселелердің бәрі де өзекті. Біз әріптестеріміздің «әлеуметтік нысандардағы резервтік жылу қазаны тексеріліп, жылу беру маусымына дайын» деген сөзіне сендік. Біз бір-бірімізден басқа кімге сенеміз? Қаланың ішінде барлығы әр салаға бөлініп, өз бетімен жұмыс істесе сіздің функционалдық міндетіңіз қандай болмақ? Барлығының қасында сіз де болып, бақылауды күшейтуіңіз қажет. Оған қоса, жылу беру маусымының өту барысында халықпен заң жүзінде түсінік жұмыстарын күшейтуіміз керек. Әр мекеме өз жұмысымен тиісті деңгейде айналысуы тиіс. Алайда олардың жауапсыздығынан бұл іс қайта айналып өзімізге келді. Егер әріптестер арасынан жұмысына немқұрайлы қарағандар болса, онда дереу шарасын алу қажет. Сондықтан көтерілген мәселелерде қадағалауды күшейту керек,-деді С.Шәпкенов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жылу қазандықтары
Объявления
live comments feed...