• Главная
  • Атырау қалалық перзентханасы жаңа жабдықпен толықты
16:00, 17 декабря 2022 г.

Атырау қалалық перзентханасы жаңа жабдықпен толықты

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Заманауи реанимациялық құрылғы - шала туған балалардың қарқынды терапиясына арналған инкубатор және ашық реанимациялық жүйе болып табылады. Ол жаңа туған нәрестелерді емдеуде дәрігерлерге үлкен көмек көрсетеді. Атаулы жабдықты перзентханаға AYALA қайырымдылық қоры мен BAYER Қазақстан компаниясы сыйға тартып отыр. Алдағы 5 жылда бұл медициналық техника дәрігерлерге кемінде 1350 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жобаға BAYER Қазақстан компаниясы 9,5 млн теңге көлемінде демеушілік қолдау көрсеткен. 

-Біздің перзентхана Атырау қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Қалада тұратын әйелдердің босану қиын болған жағдайларда бізге жіберіледі. Жедел және сапалы көмек көрсету үшін біздің жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі реанимациялық жабдыққа өте зәру болды. Біз неонатолог-дәрігерлерге және реаниматологтарға кішкентай атыраулықтарға күтім жасауға және функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесетін заманауи сенімді жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз. AYALA қоры мен BAYER компаниясына қаламыздың неонатологтарының қажеттіліктеріне назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз,- деді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гулзинеп Дюсупова.

Атырау қалалық перзентханасы жаңа жабдықпен толықты, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал Қазақстандағы «Bayer» компаниясының бас директоры Лаума Валтере аналар мен балалардың денсаулығына қамқорлық жасау - Bayer компаниясының маңызды миссиясы екенін жеткізді. 

-Мен екінші жыл AYALA қайырымдылық қорымен күш біріктіріп келе жатқанымызға қуаныштымын. Осы бастаманың арқасында бізде Атырау қаласының болашақ ұрпақтарының денсаулығын жақсартуға үлес қосу мүмкіндігі бар,- деді Л.Валтере.

Айта кетейік, Атырау қалалық перзентханасының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі жыл сайын 270-тен астам баланы қабылдайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жаңа жабдық
Объявления
live comments feed...