• Главная
  • Келер жылы Қызылқоға ауданында жаңа мәдени нысандар бой көтермек
12:00, 17 декабря 2022 г.

Келер жылы Қызылқоға ауданында жаңа мәдени нысандар бой көтермек

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан бойынша 34 мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Оның ішінде, аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб,             аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 1 ауылдық балалар кітапханасы, 20 ауылдық кітапхана, 1 музей.

- 2017 жылы басталып, мердігер мекеменің жауапсыздығынан тоқтап қалған Мұқыр ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмысы 2023 жылы қайта басталмақ. Ал Тасшағыл ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүруде, ол келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Қарабау ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына жоба жасақталды. Оған қоса Миялы ауылынан 600 орындық мәдениет үйіне және  Сағыз бен Миялы ауылдарынан өнер мектебіне жоба жасақталуда,- деді Қ.Әзмұханов.

Айта кетейік, биыл Қызылқоға ауданында 676 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 132 мың көрермен қамтылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мәдени нысандар
Объявления
live comments feed...