• Главная
  • Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі
14:00, 16 декабря 2022 г.

Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандағы су жүйесі тартылмаған 9 елді мекенді сумен жабдықтау үшін биыл жоба дайындалып, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылқоға ауданының кейбір елді мекендеріне ауылішілік су құбыры жүргізіледі, фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Аталған жобаларды 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда. Жұмыстар атқарылғаннан кейін аудан халқы 100% ауыз сумен қамтылатын болады. Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін магистралды су құбырының құрылысына жоба дайындалып, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады,- деді Қ.Әзмұханов. 

Аудан әкімінің айтуынша, аталған жоба Миялы, Жангелдин, Жасқайрат ауылдарын үздіксіз ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Оған қоса Сағыз, Жамасор ауылдарының халқына ауыз су жеткізу сапасын жақсарту мақсатында «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту» жобасы дайындалған. Жобаның құны 956 млн 500 мың теңге.

Айта кетейік, аудан көлеміндегі 26 елді мекеннің 17-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бұл тұрғындардың 97,3 пайызын құрап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #су құбыры
Объявления
live comments feed...