10:00, 16 декабря 2022 г.
Қызылқоға ауданында ауылшаруашылығының жалпы өнімі 18 млрд теңгеге жуықтады
фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл Қызылқоға ауданында мал басында өсім бар. Мүйізді ірі қара 35913-ке жетіп, 3,6 пайызға, қой-ешкі 152494 болып, 2,8 пайызға, жылқы 18876-ға жетіп, 2,6 пайызға, түйе 1879 болып, 2,5 пайызға өскен. Аталған мал басынан биыл 9486 тонна ет, 14244 тонна сүт өндірілген. Ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі 17 млрд 633 млн теңгені құрап отыр.
-Биыл шаруа қожалықтарына 523 млн теңге көлемінде мемлекеттік субсидия берілді. Ауданның тауар өндірушілері 30 рет ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатынастырылды. Қызылқоға бойынша ауылшаруашылық саласында 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 486 шаруа қожалығы тіркелген. Асыл тұқымды мал бағумен 38 шаруа қожалығы айналысуда. Осы жылы 87 бұқа, 98 сиыр, 76 қошқар, 447 қой сатып алынды,- деді Қ.Әзмұханов.
Айта кетейік, биыл ауданда қажетті 136760 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100 пайызға орындалған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:22, 18 ноября
53
10:44, 26 ноября
12
11:22, 18 ноября
17:12, 17 ноября
live comments feed...