• Главная
  • Биыл Мақат ауданындағы құрылыс жұмысының көлемі 6 миллиард 274 милллион теңгеге жетті
12:00, 13 декабря 2022 г.

Биыл Мақат ауданындағы құрылыс жұмысының көлемі 6 миллиард 274 милллион теңгеге жетті

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл ауданда тұрғын үй салу үшін инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге құрылыс жұмыстары бастау алмақ. Нақтылай айтсақ, Доссор кентінен 564 жер учаскесіне және Байгетөбе ауылдық округінің №402 бекетіне 348 жер учаскесіне жеке тұрғын үй салу үшін бөлінген жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым желілерін, яғни газ, су, электр желісін жүргізуге құрылыс жұмыстары басталды. Ол толықтай келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Биыл Мақат ауданындағы құрылыс жұмысының көлемі 6 миллиард 274 милллион теңгеге ж..., фото-1, фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Сондай-ақ Доссор кенті Ә.Мантаев көшесінде орналасқан 27 көпқабатты үйлердің аллеясына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Республика күні» мерекесі  қарсаңында  пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен «Атырау-Ақтөбе» республикалық маңызы бар автокөлік жолында «Байбақты Атаға» ескерткіш орнату жұмыстары қолға алынды,- деді Р.Ибрагимов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #строительные работы
Объявления
live comments feed...