• Главная
  • Атыраулық ұстаз халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынға ие болды
10:00, 8 декабря 2022 г.

Атыраулық ұстаз халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынға ие болды

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Есболат Бағдаров  математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байқауға қатысушылар практикалық және әдістемелік блокта бақ сынасқан. Нақтырақ айтар болсақ, практикалық бөлімде олимпиадалық деңгейде ұсынылған есептерді шешіп, әдістемелік блокта есептердің «дайын шешімдеріндегі» қателерді тапқан.

Атыраулық ұстаз халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынға ие болды , фото-1, фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байқау шарттарынан мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанған Есболат Бағдаров Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  түлегі. Ұстаздық еткен 6 жыл ішінде шәкірттері де, өзі де облыстық, республикалық білім додаларында жеңімпаз атанып үлгерген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #халықаралық байқау
Объявления
live comments feed...