12:00, 5 декабря 2022 г.
Қайта жаңғыртудан кейін С.Датов көшесінің 1,5 шақырымы ашылды
иллюстративное фото с сайта pixabay.com
Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ержан Хайноллаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Биыл С.Датов көшесінің авто көлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы щеңберінде құрылыс монтаж жұмыстары басталған болатын. Жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын тас жолдың 1,5 шақырымы пайдалануға берілді. Мұндағы 2 жолықты жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Қазіргі таңда екі жағынан аялдамалар және заманауи жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының мердігері «Атырауинжстрой-АИС» мекемесі, -деді Е.Хайноллаев.
Оның айтуынша, биылға жоспарланған құрылыс жұмыстары әзірге тоқтайды, жолдың қалған бөлігі 2023 жылы жалғасатын болады.
Айта кетейік, Сырым Датов көшесі осы жылдың 7 шілдеде қайта жаңғыртуға байланысты уақытша жабылған болатын.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:28
Вчера
11:15
Вчера
08:36
Вчера
08:05
Вчера
Объявления
10:24, 6 сентября
53
10:24, 6 сентября
11:42, 2 сентября
12
live comments feed...