• Главная
  • Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады
18:00, 2 декабря 2022 г.

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес 20 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсыныс-пікірін тыңдады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселесі, еңбек дауы және т.б сұрақтар қойды.

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, фото-1, фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Азаматтар жолдаған сауалға жауап беру үшін кездесуге жауапты басқарма басшылары, қала әкімі, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры және өзге де жауапты мекеме басшылары қатысты. Олар азаматтардың сұрағына жауап беріп қажетті кеңес берді.  

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, фото-2, фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. 

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үй алу мәселесін көтерді. Мұндай сауал жолдаған тұрғындарға облыс әкімі тұрғын үй Заң аясында кезек ретімен берілетінін айтты. 

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бүгінге дейін 29 қабылдау өткізіп, 500-ден астам тұрғынды жеке қабылдады. Оның ішінде 14 азаматтың мәселелесі оң шешімін тауып, 88 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді.  Сондай-ақ аудандарға жұмыс сапары барысында 180-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады.

Аймақ басшысы кестеге сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды. 

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. 

Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #азаматтарды қабылдау
Объявления
live comments feed...