09:23, 25 декабря 2017 г.
Ноғаев «Нұр Отан» партиясына жастармен жұмыс жасау бағытын кеңейту керектігін айтты
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірлік саяси бюросының кездесуі өтті. Салтанатты жағдайда «Нұр Отан» партиясының ең үздік қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде кәсіпкерлер, журналисттер және мемлекеттік қызметкерлер де үздік деп танылды,-деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Күн тәртібінде Мақат және Махамбет аудандарының «Нұр Отан» партиясы филиалдарының қызметі туралы есептер қаралды. Партиялардың басшылары негізгі бағыттар туралы айтып берді. Бұл бағыттар: жастармен жұмыс, ардагерлерге қамқорлық көрсету, қайырымдылық жұмыстарын жүргізу. Аймақта жыл сайын партия қатарына қосылғысы келетіндер саны артып келеді. Мәселен, қазіргі уақытта Мақат ауданында партиялықтардың 2 196 мүшесі бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% артық. Айта кету керек, олардың көпшілігі жас қыздар мен жігіттер. Бұл халықтың билеуші партияға деген жоғары сеніміне байланысты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама тыңдап, жастармен жұмыс жасау бағытын кеңейтіп, тек жастар ұйымдары ғана емес сонымен қатар, белсенді жастардың кең ауқымымен жұмыс істеу керектігін алға тартты. Кездесу соңында облыс басшысы партияның үздік қызметкерлерін марапаттап, әрі қарайғы еңбек жолында табыс тіледі. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атынан «Жыл үздіктері», «Үздік партия спикері», «Үздік партия насихатшысы» , «Үздік партия белсендісі», «Үздік фракция мүшесі, депутат», «Үздік «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі», «Үздік партия меценаты» сондай-ақ, Атырау облысының әкімі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы атынан алғыс хаттар табыс етті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
11:02, 16 декабря
12
12:37, 20 декабря
live comments feed...