Өтетін орны: Атырау қаласы, Абай көшесі 8, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры
Ұзақтығы: 75 минут
Жас санаты: 16+
Қосымша:
Ел мен жер, тілі мен діл тағдырына өздерінің тағдырын құрбан еткен қазақ зиялыларының бірқатарын қойылым кейіпкерлері қылдық. Қойылымның авторы да тұлғалардың өздері.
Себебі, қойылым желісі - тұлғалардың жақындарына жазған хаттарынан, күнделік -жазбаларынан құралады. Адамдар үшін жазылмаған заңның 58-ші бабы аясында да оқиға өрбиді. Аталмыш заңның бірі - ресми, бірі - бейресми құрбандары.